Қазақстандық төреші CORE International кіріспе курсына қатысты

Қазақстандық төреші CORE International кіріспе курсына қатысты

УЕФА дәстүрлі түрде халықаралық төрешілерге арналған CORE International кіріспе курсын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Білім беру бағдарламасына Еуропаның әр елінен 48 төреші қатысты. Олардың қатарында қазақстандық Арман Есмұратов та бар. Қатысушылар УЕФА инспекторларының жетекшілігімен төрелік ету бойынша арнайы дайындықтан өтті. Сонымен қатар тамақтану, физикалық дайындық, жарақаттың алдын алу, футболдағы адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау мәселелерін қамтитын бірқатар қосымша бағытты меңгерді.

Аталған кіріспе курсы - халықаралық төрешілік мансап жолындағы алғашқы кезең. Алдағы уақытта бағдарлама қатысушылары алғашқы халықаралық матчтарға тағайындаулар алады. ФИФА төрешісі мәртебесіндегі алғашқы жылда әрбір төрешіге УЕФА тарапынан жеке тәлімгер бекітіледі.

Аталған бағдарлама аясында УЕФА іріктеуінен өткен төрешілер арасынан Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру қатысты.

«Ақтөбе» сапына тәжірибелі қорғаушы қосылды

Ганалық қорғаушы «Ертіс» сапына қосылды

«Ұлытау» қазақстандық шабуылшымен толықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или