Қазақ қызы АҚШ ММА лигасында чемпиондық белбеу үшін айқасады
Қазақ қызы Аян Тұрсын (8-1) 7 ақпанда АҚШ-тағы Cage Fury Fighting Championships (CFFC) ұйымында титулдық жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол жеңіл салмақта бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жеңілмеген жапондық Ариса Мацудамен (7-0) кездеседі. Жекпе-жек кеші Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ) CFFC 150 турнирі аясында өтеді.
Жекпе-жек алдындағы күні қарсыластар салмақ өлшеуден өтіп, көз түйістірді. Аян Instagram парақшасында сол сәттен видео бөлісіп, былай деп жазды:
«Аллаға шүкір бүгін салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өттік. Бұйырса ертең өзімізді көрсететін уақыт, осы поясты Қазақ еліне алып келу үшін барымды салатын боламын. Қазақ елі қыздарыңыз үшін дұғада болыңыздар».
Айта кетейік, 31 жастағы Аян Тұрсын үшін бұл CFFC-дегі дебюттік жекпе-жек болады. Бұған дейін ол Octagon және Dala Fighting Championship лигаларында өнер көрсеткен.
Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюті алдында допинг тексеруден өтті
Артем Резников ACA 200 турнирі алдында салмақ өлшеуден өтті