Александр Бублик қоржынға алғашқы ұпайды салды
Астанада Дэвис кубогы әлем чемпионатының I тобындағы плей-офф матчтары өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған матчта Қазақстан мен Монако құрамалары күш сынасады. Матч регламентіне сәйкес, командалар бес кездесу өткізеді: төрт жекелей және бір жұптық ойын.
Алғашқы кездесуде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 10-шы орын) пен Уго Нис кездесті. 1 сағат 2 минутқа созылған кездесуде 2:0 (6:0, 6:3) есебімен Александр Бублик сенімді жеңіске қол жеткізді.
Еске салайық, Қазақстан мен Монако арасындағы матч 6 және 7 ақпанда өтеді.
Бүгін тағы бір кездесу көреміз: Александр Шевченко Валентино Вашеромен кортқа шығады. Матч сағат 16:30-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.
Ертең жұптық кездесуде Бейбіт Жұқаев пен Александр Бублик өнер көрсетіп, одан кейін тағы екі жекелей матч өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан мен Монако құрамалары Дэвис кубогы аясында алғаш рет кездескелі отыр. Барлық матчтар Ұлттық теннис орталығы «Beeline Arena» корттарында өтеді.
Тунис турнирі: Әмір Омарханов ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші: «Физикалық тұрғыдан тым әлсізбін»
Қазақстан мен Монако құрамалары Дэвис кубогында кіммен ойнайтынын білді