Кирилл Герасименко Азия кубогының плей-офф кезеңіне шыға алмады

Кирилл Герасименко Азия кубогының плей-офф кезеңіне шыға алмады

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко құрлық додасының плей-офф кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қазақстандық спортшы Азия кубогының топтық кезеңіндегі үш ойынның біреуін жеңіп, екеуінде жеңіліп қалды. Нәтижесінде келесі кезеңге өте алмады.

Ол алғашқы ойынында саудиялық Әли Әлхадравиді 3:0 (11:5, 11:5, 11:9) есебімен жеңген еді. Одан кейінгі қарсыластары Сян Пэннен (Қытай) 0:3 (5:11, 3:11, 9:11) есебімен, ал Чан Ю-Аньнан (Тайбэй) :3 (7:11, 3:11, 11:9, 11:13) есебімен ұтылды.

Айта кетейік, топтан тек бір спортшы ғана плей-оффқа жолдама алады.

Екі қазақстандық атлет Азия чемпионатының финалына шықты

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтеді

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или