Қазақстандық боксшы Германияда титулдық жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров келесі жекпе-жегін Германияда чемпиондық белбеу үшін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
7 ақпанда Бад-Херсфельд қаласында Темиров (9-0, 6 КО) жеңілмеген неміс боксшысы Доминик Арнольдпен (5-0, 2 КО) кездеседі. Жекпе-жекте WBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Айта кетейік, «Мясник» лақап атымен танымал қазақстандық боксшыны неміс жанкүйерлері Геннадий Головкинмен теңестіріп жатады – әйгілі қазақстандық боксшы да өз жолын дәл сол Германиядан бастаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или