Қазақстандық боксшы Германияда титулдық жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Германияда титулдық жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров келесі жекпе-жегін Германияда чемпиондық белбеу үшін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

7 ақпанда Бад-Херсфельд қаласында Темиров (9-0, 6 КО) жеңілмеген неміс боксшысы Доминик Арнольдпен (5-0, 2 КО) кездеседі. Жекпе-жекте WBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Айта кетейік, «Мясник» лақап атымен танымал қазақстандық боксшыны неміс жанкүйерлері Геннадий Головкинмен теңестіріп жатады – әйгілі қазақстандық боксшы да өз жолын дәл сол Германиядан бастаған еді.

Теренс Кроуфорд мансабын не үшін аяқтағанын түсіндірді

Қазақстандық екі боксшы Испаниядағы жарыстан шығып қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или