«Ордабасы» шабуыл шебіне жаңа ойыншы қосты
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы 26 жастағы болгариялық шабуылшы Димитар Митковпен келісімшартқа отырғанын ресми жариялады, деп хабарлады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіби мансабында Митков бірқатар болгариялық командаларда, соның ішінде «Лудогорец», ЦСКА 1948, «Локомотив София», «Спартак Варна» және «Ботев» командаларында ойнады. Шабуылшы Ресейде «Рубин» және Тәжікстанда «Истиклол» командаларында доп тепкен.
2021 жылы Димитар Митков Болгарияның 21 жасқа дейінгі құрамасына шақырылып, төрт ойын өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или