Самородов – Тоқаевтың шешімі мен қазақстандық футболдың болашағы туралы пікір білдірді
Қазақстан құрамасы мен Грозныйдың «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов қазақстандық футбол клубтарын жекеменшікке беру процесін және отандық футболдағы алдағы өзгерістерді бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sports24.kz-ке сілтеме жасап.
YouTube-арнасы «Футбол жолы» сұхбатында футболшы бұл реформаны уақытылы әрі ҚПЛ деңгейінің өсуіне серпін беретін маңызды қадам деп атап өтті.
«Менің ойымша, бұл – дұрыс шешім. Чемпионатқа аты шыққан ойыншылар келе алады, ал жанкүйерлердің матчтарға қызығушылығы артады. Жаңа стадиондар салу бастамасы үшін ел президентіне бөлек алғыс айтқым келеді – бұл футболдың дамуы үшін өте маңызды», – деді Самородов.
Күзде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық клубтарды жекеменшікке беруді тапсырған болатын. Нәтижесінде, инвесторлардың басқаруына «Қайсар», «Жеңіс», Қарағандының «Шахтері», «Ақтөбе» және «Қызылжар» клубтары өтті.
Ганалық қорғаушы «Ертіс» жейдесінде топ тебеді