Ганалық қорғаушы «Ертіс» жейдесінде топ тебеді
Павлодардағы «Ертіс» футбол клубы 26 жастағы ганалық қорғаушы Ибрагим Фардпен келісімшартқа отырғанын ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ибраһим Ганадағы «Экшн Футбол Академиясының» түлегі. Өз елінде Гана Премьер-лигасындағы «Интер Альянс» және «Верум Ипсум» командаларында ойнаған. Сондай-ақ, ол Данияның «Вейле» клубының жастар құрамасында ойнау тәжірибесіне ие.
Фард Беларусь Премьер-лигасында «Ислочь» (54 матч, 2 гол) және «Динамо» (21 матч, 1 гол) сапында ойнады. Футболшы осы клубтармен Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Конференция Лигасының іріктеу матчтарында ойнады.
Өткен маусымда «Ертіс» Бірінші лигада 61 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орын алды. Бес дүркін Қазақстан чемпионы жаңа маусымда Қазақстан Премьер-лигасында ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или