«Ұлытау» қазақстандық шабуылшымен толықты
«Ұлытау» қазақстандық шабуылшы Нұрәлі Өркеннің ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлытау футбол клубы Нұрәлі Өркенмен келісімшартқа отырды.
Ойыншы бұрын «Арыс» командасында ойнаған.
Жасы: 20
Бойы: 1,70 м
Позиция: орталық шабуылшы», - деп жазды Жезқазған командасы Instagram парақшасында.
Жас шабуылшы «Тұран» командасының түлегі. Кәсіби мансабында 22 матч өткізіп, алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ол «Оңтүстік» академиясында және «Ордабасы» U-19 жастар құрамасында ойнады. Соңғы клубы «Арыс» сапында бір ғана матчта алаңға шықты.
«Ұлытау» өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 23 ұпай жинап, турнир кестесінде 10-шы орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или