Айбек Оралбай Испаниядағы турнирде алғашқы жекпе-жегін өткізді
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite 2026 халықаралық турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
90 келіден жоғары салмақтағы алғашқы кездесуде Айбек Оралбай Мэтт Уильямспен (Англия) кездесті.
Үш раунд қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (4:1).
Осылайша, Айбек Оралбай турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальді қалтаға салды.
Boxam Elite 2026 турнирі 3-8 ақпан аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или