Отандық таеквондошылар әлемдік турнирде үш медаль жеңіп алды
Біріккен Араб әмірліктеріндегі Фуджейрада таеквондодан ірі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш қола медальға қол жеткізді. 54 келіге дейінгі салмақта Бахадыр Шапулатов, 74 келіге дейінгі салмақта Мақсат Орынбасар және 87 келіге дейінгі салмақта Нұрлан Мырзабаев жүлдегер атанды.
Айта кетелік, беделді турнирге әлемнің 50-ге жуық елінен спортшылар қатысып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или