Арықтауда әйелдер ең жиі жіберетін қателік қандай?
Фитнес саласының мамандары әйелдердің арықтау кезінде ең үлкен қателіктерінің бірін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фитнес маманы Елена Силинаның айтуынша, көп әйел өз ағзасының ерекшелігін ескермей, фитнес-блогерлердің дайын бағдарламасын айна қалпында қайталайды.
Маман мұндай тәсіл кері нәтиже беретінін атап өтті. Себебі әр адамның физикалық дайындығы, денсаулық жағдайы, ұйқы сапасы, стресс деңгейі мен гормоналды циклдері әртүрлі. Осы факторлар ескерілмеген жағдайда, тіпті нақты нәтиже болса да, адам тез райынан қайтып қалуы мүмкін.
Сонымен қатар, әйел денесінің сыртқы келбеті етеккір циклының кезеңіне, күйзеліс деңгейіне және ұйқы сапасына тікелей байланысты өзгеріп отырады. Соның салдарынан, тіпті нақты нәтиже байқалса да, адам үмітін тез үзуі мүмкін.
Ескерте кетелік, сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіби маманның көмегіне жүгіну маңызды. Жеке жаттықтырушы жаттығу барысын дұрыс ұйымдастырып, адамның ерекшеліктеріне сай жеке бағдарлама құрып береді.