Boxam Elite-2026: Махмұт Сабырхан жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан «Boxam Elite-2026» турнирінің ширек финалында қарсыласын жеңіп, кемінде қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
55 келі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда Сабырхан шведтік Элвин Ванукагамен айқасты. Қазақстандық спортшы барлық үш раундта басым болып, төрешілердің 5:0 есебімен жеңімпаз атанды.
Махмұт Сабырхан – 2025 жылғы World Boxing бойынша әлем чемпионы, 2023 жылғы IBA әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.
Айта кетелік, аталмыш турнир ерлер командасы үшін жаңа бапкер боп тағайындалған Нұржан Насановтың басшылығымен алғашқы ресми старт болып отыр. Турнир 7 ақпанда аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или