Серік Теміржанов Испаниядағы бокс кешінде жеңіліс тапты
Қазақстандық Серік Теміржанов «Boxam Elite-2026» турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде күтпеген жеңіліске ұшырап, жүлдеден айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда Теміржанов канадалық Кеома-Али аль-Ахмадиді қарсы алды. Төрешілердің шешіміне сәйкес, 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық спортшы турнирде бірінші нөмірлі ретпен тұрған еді, алайда жартылай финалға жете алмады.
Теміржанов 2021 жылы Әлем чемпионатының (IBA) және 2022 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған..
Еске сала кетелік, аталмыш турнир ерлер командасына тағайындалған жаңа бапкер Нұржан Насанов қол астында бірінші рет алаңға бет алып отыр. Турнир 7 ақпанда аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или