Теннис:Матчты сатып алғысы келген ресейлік спорттан шеттетілді

Теннис:Матчты сатып алғысы келген ресейлік спорттан шеттетілді

27 жастағы ресейлік теннисші Гюльнара Назарова қарсыласынан жеңісті сатып алуға әрекеттенгені үшін төрт жылға дисквалификацияланды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Теннис әділдігін қамтамасыз ету халықаралық агенттігі (ITIA) ресми хабарламасына сәйкес, Назарова 2019 жылы қарсыластан матчты сатып алуға ірі сомада ақша ұсынған. Спортшы кәсіби мансабын 2020 жылы аяқтағанымен, ресми түрде 2025 жылы айыпталған. 

Спортшы бұл талапқа көнбей, апелляцияға жоламағандықтан дисквалификация автоматты түрде 2026 жылдан бастап  қана күшіне енді. Сонымен қатар, Назарова 10 мың доллар айыппұл төлейді.

Айта кетелік, шеттету кезеңінде оған кәсіби турнирлерге қатысу, ойыншыларды жаттықтыру және теннис іс-шараларына қатысуға толық тыйым салынды.

Қазақстандық теннисші: «Физикалық тұрғыдан тым әлсізбін»

Қазақстан мен Монако құрамалары Дэвис кубогында кіммен ойнайтынын білді

Елена Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турниріне қатысуы мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или