Велоспорт: Қазақстан қоржынына алтын түсті
Қазақстанның велоспортшысы Рината Сұлтанова Сауд Арабиясындағы Аль-Кассимде өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рината 20 шақырымдық жеке жарыста үздік нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды. Екінші орынды Гонконгтан И Уин Леунг, үшінші орынды қытайлық Хао Чжан алды.
Айта кетелік, Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады және Рината Қазақстан қоржынына тағы да алқа салу мүмкіндігіне ие.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или