«Қайсар» Еуропаның атақты командасына қарсы күтпеген нәтиже көрсетті

«Қайсар» Еуропаның атақты командасына қарсы күтпеген нәтиже көрсетті

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Еуропада аты мәшһүр армениялық «Алашкертпен» кездесіп, тартысты әрі матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Кездесу 0:0 есебімен аяқталғанымен, алаңдағы ойын жоғары қарқынмен өтті. Қазақстандық клубтың негізгі құрамында Салайдин, Тәжібай, Кеңесбек, Асқаров, Төлегенов, Совет, Джонс, Қалдыбеков, Цуцкич, Ағзамбаев және Виктор Мозес алаңға шықты. Екі команда да бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, қақпашылар сенімді ойнап, шешуші сәттерде гол соғуға жол бермеді.

Айта кетелік, «Алашкерт» соңғы онжылдықта Армения футболында үлкен жетістіктерге жеткен команда саналады. Аталмыш құрама 2021 жылы армян футболы тарихында алғаш рет УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шықты.

«Ақтөбе» испаниялық жартылай қорғаушымен келісімшарт жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или