Қысқы Олимпиада уақыты өзгеруі мүмкін: ХОК шұғыл шешім қарастырып жатыр
Климаттың жылынуына байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қысқы Олимпиада ойындарының дәстүрлі кестесін өзгерту мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдағы ойындар бұрынғыдай ақпанда емес, қаңтар айында өтуі мүмкін. ХОК президенті Кирсти Ковентри сөзіне сүйенсек, климаттың өзгеруі қыстың ақ ұлпалы қармен ұзаққа шейін созылуына тікелей кері әсер етіп жатыр. Ал бұл өз кезегінде жарысты ұйымдастырып, оң өткізуге үлкен қауіп төндіреді.
«Алдағы Ақ Олимпиада ойындарының мерзімін қайта қарастыруымыз керек. Егер жарыстарды ертерек өткізсек, бұл қысқы табиғаттың ырқына жығыла беретін тәуелділігімізді сейілтетін еді» деді Ковентри баспасөз мәслихатында.
Үрдіс бойынша қысқы Олимпиада дәстүрлі түрде ақпан айында өтеді. Әйткенмен жаһандық жылыну салдарынан көптеген аймақтарда қар тапшылығы байқалып, жарыстардың өтуіне қауіп төндіру үстінде. Осы себепті МОК болашақта Олимпиаданы қаңтар айында, ал Паралимпиаданы ақпанда өткізу нұсқасын қарастырып отыр.
Айта кетелік, Ақ Ойын 2026 жылы 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.
Олимпиада-2026: спортшыларға балаларға арналған тегін памперс беріледі
41 жастағы америкалық шаңғышы Олимпиадаға қатысады
2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтеді