Атақты Overwatch қайта оралды: ойын түбегейлі жаңарды

Атақты Overwatch қайта оралды: ойын түбегейлі жаңарды

Blizzard Entertainment компаниясы командалық «Overwatch» ойынын толықтай қайта іске қосады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Анонстың жазбасы YouTube платформасында жарияланған. Жаңарту аясында «Overwatch 2» атауындағы «2» саны алынып тасталып, ойын қайтадан жай ғана «Overwatch» деп аталатын болады.

Сонымен қатар 2026 жыл «Коготьтың билігі» атты ортақ тақырыппен өтеді. Сюжет желісі «Overwatch-тың» басты қарсыласы саналатын «Коготке» бағытталады. 

Барлық өзгеріс 2026 жылдың 10 ақпанында басталып, бірінші маусымында толығымен күшіне енеді.

Айта кетелік, «Overwatch» ойыны алғаш рет 2016 жылы жарық көрді. Ал «Overwatch 2» 2022 жылы қолжетімді форматта ұсынылып, 2023 жылы ресми түрде іске қосылған болатын. 








Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или