Велоспорт: Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды

Велоспорт: Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды

Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласындағы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында (элита санаты) уақытқа жарыста Ұлттық құрама спортшысы Рината Сұлтанова үздік шықты. Ол 20 шақырым қашықтықта ең жылдам болып бағындырды.

Әйелдер, 20 км. Финал нәтижесі:

1. Рината Сұлтанова (Қазақстан)

2. Йе Вин Лун (Қытай Гонконг)

3. Хао Чжан (Қытай)

Бұл дисциплинада (31 км) ерлер ертең сынға түседі. Спорттың бұл түрінен Азия чемпионатын Сауд Арабиясы алғаш рет қабылдап жатыр. Бәсеке 11 ақпанда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или