Қазақстандық теннисші Катардағы «мыңдықта» екінші нөмірмен тіркелді

Қазақстандық теннисші Катардағы «мыңдықта» екінші нөмірмен тіркелді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдің қатысушылар тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы жарыста Рыбакина екінші нөмірмен тіркелді. Бірінші нөмірлі фаворит ретінде Польшаның өкілі Ига Швёнтек көрсетілсе, үшінші нөмірлі сеяная — америкалық Аманда Анисимова. Қатысушылардың толық тізімін WTA ұйымының баспасөз қызметі жариялады.

Дохада өтетін хард жабындысындағы турнирдің ресми атауы — Qatar TotalEnergies Open 2026. Жарыс 8–14 ақпан аралығында өтеді, жүлде қоры 4 088 211 АҚШ долларын құрайды. Қазіргі чемпион — Аманда Анисимова.

Елена Рыбакинаның бұл турнирдегі бұрынғы нәтижелеріне тоқталсақ, 2024 жылы ол финалға дейін жетіп, шешуші ойында Ига Швёнтекке жол берген. Ал өткен маусымда қазақстандық теннисші ширек финалға дейін өтіп, тағы да польяк қарсыласына есе жіберген. Егер Рыбакина Дохадағы турнирден бас тартпаса, бұл жарыс оның Australian Open–2026 турниріндегі жеңістен кейінгі алғашқы бәсекесі болмақ.

Үстел теннисінен Азия кубогында қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды

Тунис турнирі: Қазақстандық теннисші жарысты сәтті бастады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или