Қазақстандық файтер алғашқы жекпе-жекке дайын
Қазақстандық ММА жауынгері Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі алдында допингке қарсы тексеруден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы UFC спортшыларының антидопингтік бақылауын қадағалайтын UFC Drug Testing Watch X-парақшасы мәлімдеді. Сараптама өткен аптада алынған және ол Әліби Ыдырыс үшін 2026 жылғы алғашқы допинг сынамасы болды.
Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 21 ақпанда Хьюстон қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінде өткізеді. Қазақстан уақытымен бұл кездесу 22 ақпан күні таңертең басталады. Оның қарсыласы — ямайкалық файтер Оди Осборн. Айқас ең жеңіл салмақта өтеді.
Әзірге Әліби Ыдырыстың соңғы жекпе-жегі 17 тамызда өткен. Чикагода ұйымдастырылған UFC 319 турнирі аясында The Ultimate Fighter реалити-шоуының финалында ол америкалық Джозеф Моралестен сабмишн арқылы жеңіліп қалған еді. Соған қарамастан, қазақстандық файтер әлемдегі ең беделді ММА лигасымен келісімшартқа қол жеткізді.