Пабло Альварес Гарсия ҚПЛ-де өнер көрсетеді
«Ақтөбе» футбол клубы испаниялық жартылай қорғаушы Пабло Альварес Гарсиямен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz. Футболшы 28 жаста.
Пабло Альварес Гарсия Лангрео қаласының тумасы. Ол кәсіби мансабын хихондық «Спортинг» пен «Вильярреал» клубтарының құрылымында бастаған. Сондай-ақ «Алавес» пен «Сан-Игнасио» клубтарының жастар құрамаларында өнер көрсеткен.
Кейін жартылай қорғаушы Шығыс Еуропада ойнап, болгариялық «Черно Море» мен хорватиялық «Риека» командаларының намысын қорғады. «Ақтөбеге» Пабло Альварес Гарсия Украинадағы «Карпаты» клубынан ауысып келді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или