Қазақстандық могулист Италиядағы ойындарға сенімді күйде барады

Қазақстандық могулист Италиядағы ойындарға сенімді күйде барады

Қазақстандық могулист Анастасия Городко Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындары–2026 алдындағы көңіл күйі мен дайындығы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы Олимпиада спортшы үшін мансабындағы екінші ойын болмақ. Анастасия Городко алғаш рет Олимпиадаға 2022 жылы Бейжіңде, небәрі 16 жасында қатысқан. Сол уақыттан бері ол әлем чемпионаттарының, Дүниежүзілік Универсиаданың және Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері атанды.

Спортшының айтуынша, олимпиадалық жолдаманы ол өткен маусымда әлем чемпионатында қамтамасыз еткен. Ал биылғы жылы негізгі назарды тұрақтылыққа және өз деңгейін сақтауға аударған.

Дайындықтың соңғы кезеңі Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтті. Анастасия үйде жаттығу жасау ыңғайлы әрі тыныш болғанын атап өтті.

Өзімнің физикалық жағдайымды 10-нан 11 деп бағалаймын. Денсаулығыма қатысты ешқандай мәселе жоқ, алдағы жарыстарға толық дайынмын. Жарақатсыз өтті, бәрі жоспар бойынша. Қазіргі жағдайыма толықтай ризамын, — деді спортшы.

Олимпиада–2022 мен алдағы ойындарды салыстырған Анастасия Городко бұл жолы жарысқа әлдеқайда саналы әрі кәсіби түрде келіп отырғанын айтты. Оның сөзінше, тәжірибесі артты, мақсаттары да нақты.

Олимпиада–2026 ойындарындағы басты міндет ретінде қазақстандық могулист бар күшін салып, жоғары нәтиже үшін күресуді атап өтті.

Айта кетейік, могул бойынша алғашқы іріктеу жарыстары 10 ақпанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или