Олимпиада-2026: Керлинг матчы алғашқы минуттарда тоқтатылды

Олимпиада-2026: Керлинг матчы алғашқы минуттарда тоқтатылды

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары сәтсіз басталды, деп хабарлайды Prosports.kz. Олимпиада аясындағы алғашқы жарыс — керлинг бәсекесі электр қуатының өшуіне байланысты уақытша тоқтатылды.

Оқиға сәрсенбі күні Кортина қаласындағы керлингке арналған олимпиадалық аренада тіркелді. Жанкүйерлер жарыстың басталуын асыға күткенмен, ойын небәрі төрт минутқа ғана созылып, артынша жарық сөніп қалды.

AP агенттігінің мәліметінше, стадионда жарық біртіндеп әлсіреп, жыпылықтай бастағаннан кейін төрешілер ойынды тоқтатуға мәжбүр болған. Біраз уақыттан соң электр қуаты қайта қосылып, көрермендер үлкен қуанышқа бөленді.

Қазіргі таңда жарықтың өшуіне не себеп болғаны нақты белгісіз. Аренадағы ресми тұлғалар жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, электр қуатына қатысты мұндай жағдай спорт тарихында алғаш рет болып отырған жоқ. Ең белгілі оқиғалардың бірі 2013 жылғы Super Bowl 47 финалында «San Francisco 49ers» пен «Baltimore Ravens» арасындағы матч кезінде тіркеліп, жарық 34 минутқа өшкен болатын.

Керлинг жарыстары Олимпиаданың ресми ашылу салтанатына дейін бірнеше күн бұрын басталды. Ал Қысқы Олимпиада-2026 ойындарының ашылу рәсімі жұма күні өтеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или