Ник Диаз Махачев және Чимаевпен жекпе-жек өткізгісі келеді
Америкалық UFC файтері Ник Диаз октагонға оралу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
42 жастағы Диаз кейінгі рет 2021 жылы жекпе-жек өткізіп, америкалық Робби Лоулерден жеңіліп қалған болатын.
«Мен қайтып оралғым келеді. Маған бірден титулдық мүмкіндік берілсін. Белбеу үшін күресуім керек. Орта салмақ немесе жартылай орта салмақ — маған бәрібір. Мен Исламмен немесе Хамзат Чимаевпен жұдырықтасатын едім. Екеуін де жеңе аламын деп ойлаймын. Жоқ, жеңіліп қалуым мүмкін. Бірақ мен тек жеңіске жету мүмкіндігін көріп тұрмын. Ең бастысы - дұрыс жоспармен жекпе-жекке шығып, соған берік болу», - деді Диаз Full Violence басылымына берген сұхбатында.
Ник Диаз аралас жекпе-жекте 36 жекпе-жек өткізіп, оның 26-сында жеңіске жеткен.
Қазақстандық «Бойка» OCTAGON 84 турнирінде жеңіліп қалды
OCTAGON 84: Өзбекстандық спортшы қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді