«Астана» сырт алаңда ливандық команданы жеңді
«Астана» баскетбол клубы WASL лигасы аясында Ливандағы сырт алаңдағы сериясын «Саджесс» командасын жеңуден бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңімпазды анықтау үшін командалар овертайм ойнауға мәжбүр болды, нәтижесінде қазақстандықтар 104:102 есебімен басым түсті.
Команда көшбасшысы Эрик Дэй мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, 38 ұпай жинады. Адас Юшкавичюс 24 ұпай еншіледі. Қазақстандық ойыншылар арасында ең нәтижелісі Руслан Айтқали болды — 13 ұпай.
Бұл жеңістен кейін астаналықтар өз тобында бірінші орынға көтерілді. Келесі матч 11 ақпанда «Аль Риядиге» қарсы өтеді.
Волейболдан Қазақстан кубогында күтпеген нәтиже тіркелді
«Астана» алғашқы ойында «Тобылды» жеңді
Қазақстан гандболдан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында жеңіліп қалды
Дереккөз: Sport+
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или