Қазақстандық спортшылар Азия кубогына дайындықты бастады
Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының алғашқы кезеңіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
5-20 ақпан аралығында спортшылар Алматы облысындағы Спорттық даярлық орталығының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Жиынға 30 садақшы қатысады.
Айта кетейік, Азия кубогының алғашқы кезеңі 21-28 наурыз аралығында Бангкокта (Таиланд) өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или