«Тобыл» қатары гвинеялық футболшымен толықты
Абдулай Сиссе «Тобыл» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Гвинеялық жартылай қорғаушы қостанайлық клубпен келісімшартқа отырды.
Абдулай футболдағы жолын туған елінде, «Фелло Стар» клубында бастады. 2014 жылы Францияға көшіп, «Анже» сапында доп тепті.
Кейін Түркияның «Коджаэлиспор», «Менеменспор» және «Тузласпор» клубтарында өнер көрсетті. Футболшы бұған дейін Сербияның «Нови Пазар» командасында ойнады. Бұл ұжым сапында шамамен 100 матч өткізіп, 14 гол соқты.
Сиссе Гвинея құрамасы сапында 18 матчқа қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или