«Семей» клубы Ферраомен қоштасты

«Семей» клубы Ферраомен қоштасты

«Семей» футзал клубы ресми инстаграм парақшасында Ферраомен жасалған келісімшарттың екі жақтың өзара келісімімен бұзылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Сонымен қатар клуб бразилиялық ойыншымен брендті дамытуға, футзалды насихаттауға және жанкүйерлермен байланысты күшейтуге бағытталған медиажобалар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Ферраоға қатысты допингке қарсы тергеу ісі әлі аяқталған жоқ, сондықтан шабуылшы ресми матчтарға қатыса алмайды. Бұған дейін бразилиялық бұқаралық ақпарат құралдарында осы кезеңде ол Неймардың командасының сапында Kings League турнирінде өнер көрсетуі мүмкін екені туралы ақпараттар тараған еді.

Еске салайық, Феррао «Семей» клубына 2024 жылдың жаз мезгілінде қосылған болатын. Осы уақыт ішінде ол небәрі 11 матч өткізіп, 11 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

«Қайрат» бразилиялық қақпашыны қатарға қосты

Какау Қазақстан құрамасын бұрынғы деңгейіне жеткізуге ниетті

Сүлейменов Какаудың көмекшісі болып тағайындалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или