Шымкентте ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтеді

Шымкентте ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтеді

Ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 200-ден астам ең мықты ауыр атлет қатысып, 16 салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Жарысқа елдің атақты спортшылары да қатысады, олардың қатарында үш дүркін әлем чемпионы Сәулебеков Ерасыл мен Азия чемпионы Данилова Кира бар.

Федерациясының ақпараты бойынша, аталған турнир 10–16 ақпан аралығында Шымкент қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или