Өзбекстан футболы: «Бізге мұндай жолдастық матч керек емес!

Өзбекстан футболы: «Бізге мұндай жолдастық матч керек емес!

Өзбекстанның «Андижан» клубы мен Қазақстанның «Шахтёр» командасы арасында өткен матч барысында өзбек ойыншылары жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Матч 54-минутта тоқтатылды. Бұл уақта есеп 0:0 болған. «Андижан» клубы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, матч барысындағы қазақстандықтардың қатқыл ойыны мен төмен деңгейде төрелік етуі ойыншылардың ауруханаға түсіп қалуына әкелген. 

«Бізге мұндай қатал, жүгенсіз ойын мүлде қажет емес. Достық матч болсын мейлің, біз үшін әрдайым маңыздысы ойыншыларымыздың денсаулығы» деп жазды клуб әлеужелі парақшасында.

Айта кетелік, өткен маусымда «Шахтёр» Қазақстан Бірінші лигасында төртінші орын алып, жоғарғы дивизионға өте алмаған болатын. 






Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или