Милан Олимпиадасына қатысушылар сыйлыққа памперс алады

Милан Олимпиадасына қатысушылар сыйлыққа памперс алады

Италияда өтетін Олимпиада-2026 ойындарына қатысатын спортшыларға тегін памперс жинағы беріледі, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті спортшылар комиссиясының басшысы Эмма Терхо мәлім етті. 

Миланда өтетін Олимпиада қарсаңында ХОК жиынының екінші күні өтіп жатыр. Эмма Терхоның айтуынша, ойындарға қатысатын спортшыларға келесі сыйлықтар қарастырылған:

  1. Шектеулі сериялы смартфондар;
  2. Тұрғын үйге 500 долларлық сертификат;
  3. Кішкентай балалары бар спортшыларға тегін памперс жинағы беріледі.  

Шектеулі сериялы телефондар деген негізінен бір реттік немесе аз данамен шығарылатын, ерекше дизайны, арнайы мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар смартфондар. Атап айтқанда, телефонда Олимпиада логотипі болуы, арнайы түс немесе дизайннан тұруы, тіпті ішіне эксклюзивтік қосымшалар һәм контент енгізілуі мүмкін.  Яки бұл кәдуілгі сатылымдағы телефон емес, арнайы шараға арналған сувенир немесе коллекциялық модель.

Айта кетелік, Миландағы Олимпиада ойындары ақпан айының 6-22 аралығында өтеді.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или