Мбаппе италиялық шабуылшы Чиро Иммобиленің рекордын бұзуға жақын
Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе ХХІ ғасырдағы топ-5 лигадағы пенальтиден соғылған голдар рекордына бір табан жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Килиан Мбаппе рекордқа жету үшін небәрі төрт гол ғана қалды. Ла Лиганың 22-туры аясында «Райо Вальеканомен» өткен матчта франциялық шабуылшы 90+10-минутта пенальтиді сәтті орындап, өз есебіне 11 метрден соғылған 12-ші голын тіркеді. Кездесу «Реалдың» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Айта кетелік, Score 90 дерегіне сәйкес, рекордтың қазір италиялық шабуылшы Чиро Иммобилеге тиесілі. Ол 2019-2020 маусымында пенальтиден 15 гол соққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или