Олимпиада-2026 басталмай жатып допинг дауы туды

Олимпиада-2026 басталмай жатып допинг дауы туды

Миланда өтетін Қысқы Олимпиада ойындары басталмай жатып алғашқы допинг дауы тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Италияның олимпиадалық құрамасына кіретін биатлоншы Ребекка Пасслердің допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті. Жарыстан тыс кезеңде алынған сынамаларда спортшының ағзасынан летрозол препараты анықталған. La Repubblica басылымының мәліметіне сүйенсек, бұл зат эстроген деңгейін төмендету үшін қолданылады, сондай-ақ сүт безі қатерлі ісігін гормоналды емдеуде пайдаланылады.

Аталмыш жағдай 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында тіркелген алғашқы допинг ережесін бұзу дерегі болып отыр.

Айта кетелік, Ақ Ойын 2026 жылдың 6–22 ақпаны аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или