Әлімханұлы тергеу аяқталғанша алаңға шықпайды
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы желтоқсан айында жүргізілген допинг-тесттен оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, WBO орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін әлі де сақтап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесттен оң нәтиже көрсетуі спортта қызу талқы тудырған еді. Дегенмен, WBO оны әлі чемпион ретінде танып отыр, титулдарын өзінде қалдырды. Яки ресми түрде тәртіптік шаралар қолданылмаған. Тек қана тергеу аяқталғанша Әлімханұлы алаңға шықпайды.
Айта кетелік, басқа қазақстандық боксшылардың да рейтингтегі орындары сақтаулы. Атап айтқанда, Әли Ахмедов екінші орта салмақта 15-ші орында, ал Сұлтан Заурбек екінші жеңіл жартылай салмақта 14-ші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или