Кроуфордтың айтуынша, ол бокспен жеті жасынан бері айналысып келеді, ал қазір жасы 38-ге келген. Осы уақыт ішінде 30 жылдан астам уақытын рингте өткізген. Оның сөзінше, дәл осындай ұзақ әрі ауыр жүктемеден кейін денсаулықты ойлау — заңды шешім.
— Көп адам менен осы сұрақты қояды. Мен бұл спортпен жеті жасымнан бері айналысып келемін, қазір 38 жастамын, яғни өмірімнің 30 жылдан астамы бокспен өтті. Егер сіз 30 жыл бойы ағзаңызды осылай қинасаңыз, спорттан кетер ме едіңіз? Мен мансабымды дәл осы себеппен аяқтадым. Бұл спортта мен үшін енді бағындыратын биік қалған жоқ. Бокске барымды бердім, бірақ денсаулығымды одан әрі құрбан еткім келмейді. Ал қайтып оралсам, кіммен жұдырықтасамын? Қарсылас жоқ. Ақша үшін ғана оралу ма? Мен ешқашан ақша үшін бокстасқан емеспін, мен үшін ең бастысы — мұра, — деді Кроуфорд.
Қазіргі таңда Теренс Кроуфорд 38 жаста. Ол жартылай орта, бірінші орта және екінші орта салмақтарда абсолютті әлем чемпионы атанған. Америкалық боксшы кәсіпқой рингте 42 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. 31 кездесуін нокаутпен аяқтап, мансабын жеңіліссіз тәмамдады.