ESPN Deportes мәліметінше, соңғы оқиғалардан кейін 39 жастағы футболшыға қызығушылық тек МЛС-пен шектелмей, Еуропаның жетекші чемпионаттарында да артып отыр. Дереккөз кейбір клубтардың Роналдуды құрамға енгізу үшін ұзақмерзімді жобалар мен қаржылық модельдерін қайта қарастыруға дайын екенін атап өтеді. Алайда нақты қай командалар екені көрсетілмеген.
Криштиану Роналду 2023 жылдың қаңтар айынан бері «Аль-Наср» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал» және «Ювентус» клубтарының намысын қорғаған. Роналду бес рет «Алтын допты» жеңіп алып, футбол тарихындағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі саналады.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Роналдудың «Аль-Наср» басшылығымен қарым-қатынасы шиеленіскені туралы хабарланған еді. Форвард клубтың басқару стратегиясына және трансферлік нарықтағы енжарлығына наразылық білдіріп жүр.