Ярослав Амосов рейтингтегі өзгерістерге пікір білдірді

Ярослав Амосов рейтингтегі өзгерістерге пікір білдірді

UFC-де өнер көрсететін украиналық файтер Ярослав Амосов жартылай орта салмақтағы рейтингке қатысты соңғы өзгерістерге байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбегені үшін рейтингтен шығарылғаны, ал британдық Майкл Пейдждің топ-15 қатарына енгені белгілі болған еді.

Осыған байланысты Амосов әлеуметтік желіде қысқа да нұсқа пікір қалдырды.

Пейдж ақылды әрекет жасады — менімен жекпе-жектен қашты да, содан кейін рейтингке кіріп алды, — деп жазды Ярослав Амосов.

Айта кетейік, Майкл Пейдж (24–3) келесі жекпе-жегін 21 наурызда Лондонда өтетін UFC турнирінде Сэм Паттерсонға (14–2–1) қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или