Экс-чемпион екі файтерге ерекше сенім артатынын айтты

Экс-чемпион екі файтерге ерекше сенім артатынын айтты

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов өз командасындағы болашақ ММА жұлдыздары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Ерекше назар аударуға тұрарлық екі жігіт бар. Оларды әлемде жеңе алатындар өте аз деп ойлаймын. Олар — жеңіл салмақта Амру Магомедов пен жеңіл салмақта Ренат Хавалов. Мен бұл спортта көптен бері жүрмін және әлемде бұл файтерлерге лайықты бәсеке көрсете алатын бар болғаны екі-үш адам ғана бар екенін білемін. Мен айналамнан чемпиондарды бала кезінен көріп келемін. Бұл екеуі соншалықты мықты, қарсыластарының басым бөлігі оларға ештеңе істей алмайды, — деді Хабиб Red Corner MMA жариялаған видеода.

Айта кетейік, Ренат Хавалов (10-0) пен Амру Магомедов (9-0) алдағы PFL турнирінде Дубайда өнер көрсетеді. Аталған кештің басты жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов командасының тағы бір өкілі Усман Нурмагомедов чемпиондық белбеуін Алфи Дэвиске қарсы қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или