Үстел теннисінен Азия кубогында қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды
4-8 ақпан аралығында Қытайдың Хайкоу қаласында үстел теннисінен 35-ші Азия кубогы өтеді.
Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылардың топтағы қарсыластары анықталды.
Ерлер, 3-топ
Томокази Харимото (Жапония)
Вонг Чун Тин (Қытай Гонконгы)
Ляо Чэн-Тин (Қытай Тайбэйі)
Айдос Кенжіғұлов (Қазақстан)
4-топ
Сян Пэн (Қытай)
Кирилл Герасименко (Қазақстан)
Чан Ю-Ань (Қытай Тайбэйі)
Алхадрави Али (Сауд Арабиясы)
6-топ
Тогами Сюнсукэ (Жапония)
Чэнь Юаньюй (Қытай)
Бхаттачарджи Анкур (Үндістан)
Алан Құрманғалиев (Қазақстан)
Әйелдер, 5-топ
Ван Иди (Қытай)
Нагасаки Мию (Жапония)
Сэр Линь Цянь (Сингапур)
Сарвиноз Миркадирова (Қазақстан)
Әйелдер, 8-топ
Хаята Хина (Жапония)
Шин Юбин (Оңтүстік Корея)
Хуан Ю-Цзе (Қытай Тайбэйі)
Зәуреш Ақашева (Қазақстан)
Әр топта бірінші және екінші орын алған спортшылар жүлделер үшін күресті жалғастырады.