FURIA ойыншысы NAVI-ді жеңгеннен кейін пікір білдірді
Counter-Strike 2 бойынша FURIA командасының ойыншысы Данил molodoy Голубенко IEM Kraków 2026 турнирінің топтық кезеңінде NAVI-ді жеңген матчтан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол өз Telegram-арнасында бұл жеңістің маңызын атап өтіп, қазіргі ойындардың оңайға соқпай жатқанын жасырмады.
— NAVI-ді жеңдік, бұл шынымен маңызды жеңіс. Бірақ шынын айтсам, қазір әр ойын күреспен өтіп жатыр. Барлығы бірден жүріп кетіп жатқан жоқ, ойдағыдай болмай жатқан сәттер көп. Оның үстіне өзім ауырып жүрмін — температура түспей қойды, мұндай жағдайда 100 пайыз ойнау қиын. Бірақ бәрібір алға жылжимыз. Қателіктерді көріп отырмыз, олармен жұмыс істеп жатырмыз, тоқтамаймыз. Қолдауларың үшін бәріне рахмет — шынымен күш бересіңдер.
— Айтпақшы, ойын кезінде коврикті ауыстыруға тура келді, өзіме шай төгіп алдым. Анлак, — деді molodoy.
IEM Kraków 2026 киберспорттық турнирі 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Польшаның Краков қаласында өтіп жатыр. Жарысқа 24 команда қатысып, жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.