UFC Mexico турнирінде Мореноның жаңа қарсыласы белгілі болды
Мексикада өтетін турнирде жарақат алған Асу Алмабаевтың орнына кім шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Асу Алмабаевтың орнына октагонға англиялық файтер Лонир Кавана шығады. Оның ММА-дегі рекорды – 9 жеңіс, 1 жеңіліс, ал UFC аясында 2 рет жеңіп, 1 рет ұтылған. Бұл ақпаратты журналист Эл Зулиноға сілтеме жасап «Спорт Шредингера» хабарлады.
26 жастағы Кавана соңғы жекпе-жегінде мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырап, Чарльз Джонсоннан нокаутпен ұтылған еді. Бастапқыда оның келесі айқасы 14 наурызға жоспарланып, қарсыласы Бруно Сильва болуы тиіс болған.
Осылайша, бұрынғы UFC чемпионы Брэндон Морено 2019 жылдан бері алғаш рет және соңғы 14 жекпе-жекте алғаш рет рейтингке енбеген қарсыласпен кездеседі.
UFC Mexico турнирі 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні өтеді.