«Астана» БАӘ-де бес жолдастық ойын өткізеді
«Астананың» БАӘ-дегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық клуб келесі командалармен ойнайды:
4 ақпан — «Арабиан Фэлконс» (БАӘ)
7 ақпан — «Ноа» (Армения)
10 ақпан — «Спартак» (Ресей)
13 ақпан — «Чжэцзян Профешнл» (Қытай)
16 ақпан — «Динамо Самарқан» (Өзбекстан)
«Астананың» алғашқы оқу-жаттығу жиыны 10-28 қаңтар аралығында «Астана Аренада» өтті. Дубайдағы (БАӘ) екінші оқу-жаттығу жиыны кеше басталды.
Қазақстанның жеті дүркін чемпионы өткен маусымдағы ҚПЛ турнир кестесінде екінші орын алды.
«Тобыл» Түркияда жолдастық матч өткізді
«Атырау» ресейлік команданың жастарынан жеңілді
Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін Даму кубогына қатысады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или