Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың бірінші матчында жеңіске жетті
ATP рейтингінде 798-ші орында тұрған қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунисте өтіп жатқан Халықаралық теннис федерациясының M15 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/32 кезеңде қазақстандық теннисші әлемде 1187-ші орында тұрған италиялық Леонардо Примуччимен кездесті. Матч тартысты өтті және үш сетке созылды. Қарсылас бірінші сетті 6-7 (5-7) есебімен жеңді, бірақ Омарханов екінші сетте жігер танытты 6-4 . Шешуші сетте Әмір толық үстемдік танытып, 6-2 есебімен басым түсті.
Келесі кезеңде қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 1100-ші орында тұрған оңтүстік кореялық Ким Джун Гунмен ойнайды.
Бубликтің әлемдік рейтингтегі орны анықталды
Елена Рыбакина жанкүйерлерге алғысын білдірді
Қазақстанның үздік теннисші Абу-Дабидегі турнирден бас тартты