Испаниядағы жарыс Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз басталды

Испаниядағы жарыс Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз басталды

Қазақстандық боксшы Шахназ Исаева Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite 2026 халықаралық турнирінде алғашқы екі жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келі салмақ дәрежесінде Исаева нидерландтық Габриэлла Виерхайммен кездесті. Үш раундтан қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қарсыласқа берді. Осыған дейін тағы бір қазақстандық Сымбат Алиасқар (54 келі) үндістандық боксшы Притиге есе жіберді.

Еске сала кетейік, Ла-Нусиядағы жарысқа қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімінде 14 боксшы бар. Boxam Elite 2026 турнирі 7 ақпанға дейін жалғасады.


Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирге қатысады

Ресми: World Boxing ұйымына тағы төрт мемлекет қосылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или