Қазақстандық спортшы Дана Уайттың лигасында кезекті жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық спортшы Дана Уайттың лигасында кезекті жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық спортшы Закир Найманбаев UFC президенті Дана Уайттың Power Slap лигасында кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Найманбаев 6 наурызда Лас-Вегаста өтетін Power Slap 18 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – «Бум» лақап атымен танымал америкалық Уэс Мена. Қазір Закир Найманбаев лиганың ең ауыр салмақтағы дивизионында 6-орында тұр, ал Уэс Мена 4-орында.

Еске салайық, соңғы рет Найманбаев Power Slap лигасында өткен жылдың қарашасында өнер көрсеткен еді. Сол жекпе-жекте ол америкалық Дориан Переске төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалған.

UFC Шавкат Рахмановты рейтингтен алып тастады

Асу Алмабаев жарақатына байланысты пікір білдірді

Алмабаев — Морено жекпе-жегі неге өтпейтіні белгілі болды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или