Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарында

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарында

Қазақстандық 17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында ITF Juniors әлемдік рейтингісіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш рет жартылай финалға шыққан Заңғар рейтингіде 12-ден 9-орынға көтерілді. Осылайша, Заңғар әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына кірді. 

Өткен жылы Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының да жартылай финалына дейін жеткен болатын. Жасөспірімдер арасында екі рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына Қазақстаннан басқа ешкім шыққан емес.

Сөйтіп, WTA, ATP және ITF Juniors рейтингісінде Қазақстанның үш бірдей өкілі ТОП-10-ға енді. Елена Рыбакина үшінші, Александр Бублик 10-ыншы, ал Заңғар 9-сатыда тұр. 

Михаил Кукушкин Испаниядағы турнирде жеңіліп қалды

Бубликтің әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Елена Рыбакина жанкүйерлерге алғысын білдірді

Қазақстанның үздік теннисші Абу-Дабидегі турнирден бас тартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или