Семейлік клуб бразилиялық қорғаушымен келісімшартқа отырды
Семейлік «Елімай» футбол клубы 26 жастағы бразилиялық қорғаушы Игор Габриэль Фернандес Алвеспен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Игор әртүрлі елдердің чемпионаттарында өнер көрсетіп, мол халықаралық тәжірибе жинаған. Ол Бразилия, Әзірбайжан, Беларусь, Украина, Мальта және Өзбекстан клубтарында ойнаған. Атап айтсақ, орталық қорғаушы бұған дейін «Флуминенсе» (Бразилия), «Сабах» (Әзірбайжан), «Динамо Минск» (Беларусь), «Львов» (Украина), «Хибернианс» (Мальта) және «Навбахор» (Өзбекстан» клубтарында доп тепкен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или